Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Оралда тозған 370 шақырымдық су құбыры желісінің 60%-ы жөнделуде

Оралда су желілерінің апатты учаскелерін, жабдықтарын толықтай жаңалап, кешенді жөндеу бағытында жұмыстар жүруде.

Оралда тозған 370 шақырымдық су құбыры желісінің 60%-ы жөнделуде
Фото: Жұбан Мұрат

Мәселен, Неусыпов көшесіндегі диаметрі 800 мм-лік кәріздік коллектор жаңартылуда, уақытша №2 кәріздік сорғы стансасы салынуда.

-Қаладағы 370 шақырымдық су құбыры желісінің 60%-ы тозған. Кәріздік желінің де жағдайы осындай. Соңғы екі жылда шаһардың кейбір шағынауданында тұтынушыларға салқын су берілмей қалу фактілері жиіледі. Апаттық жағдайлар кәріздік желілерде де орын алды. Мұндай келеңсіз жағдайларды түзетуге, желілерді дер кезінде жөндеуге  шығындануға тура келеді. Оның үстіне ондай шығындар аз болмайды, қомақты қаржыны қажет етеді. Осылайша инвестициялық бағдарлама бойынша желілерді күрделі жөндеуге бағытталуы тиіс қаржы-қаражат тұрғындарды сумен тұрақты қамту үшін желілердегі апаттық жағдайларды жоюға жұмсалады. Соған байланысты инвестициялық бағдарлама 325 млн теңгеге орындалмады. Жалпы тарифтік сметада желілерді күтіп ұстауға, ақауларды жоюға, апаттық жағдайдағы құбыр бөліктерін жаңалауға, құдықтарды тазалау секілді профилактикалық жұмыстарды жүргізуге белгілі шамада қаржы қарастырылады, алайда ол қаржы мардымсыз. Кәсіпорын іс жүзінде ондай қаржыға ештеңе бітіре алмайды. Соңғы бес жылда жанар-жағармай бағасы әлденеше реет қымбаттады, жабдықтардың, металл прокаттың бағасы өсті. Алайда кәсіпорынның жасайтын жұмыстарына бөлінетін қаржы-қаражат шамасы сол бәз-баяғы қалпында қалды. Өйткені тариф 2016 жылғы, содан бері өзгермеді. Биыл тарифті өсіруге талпынғанбыз, ол да мақұлданбады. Дегенмен де алдағы уақытта бәрі реттеледі деп үміттенеміз,-дейді «Батыс су арнасы» ЖШС-ның бас директоры Әнуар Аркенов.

Жұбан МҰРАТ