Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Оралда балабақшамен қамту көрсеткіші жоғарылап келеді

Орал қаласы бойынша балаларды мектепке  дейінгі ұйыммен қамтуда 50 мемлекеттік, 76 жеке балабақша, 21 мектеп жанындағы шағын орталық пен 1 мектеп-балабақша жұмыс жасап, 16 193 баланы қамтып отыр.

Оралда балабақшамен қамту көрсеткіші жоғарылап келеді
Фото: Жұбан Мұрат

Қала бойынша 3-6 жас аралығындағы балғындар мектепке дейінгі ұйыммен 100 пайыз қамтылған. 1-6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің  қамтылуы – 75,5 пайыз.

Қазіргі таңда барлық мектепке  дейнгі ұйымдар 6 желілік қауымдастық аясында музейлік педагогика, инклюзивті білім беруде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану, М.Монтессори технологиясы, балалар туризмі, Фелтинг технологиясы жобаларын  жүзеге асырып, тәрбиеленушілердің коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік білім-білік, дағдыларын дамыту мақсатында жұмыстануда.

-Бүгінде мемлекет тарапынан жеке білім беру ұйымдарының, соның ішінде балабақшалардың көптеп ашылуына барынша жағдай жасалып отырғандығына қуаныштымыз. Біз де осы бағытта жұмыстанып, қаладан бірнеше мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын аштық. Бүлдіршіндерге заманға сай білім мен тәрбие беру үшін тәжірибелі, дарынды педагогтарды тартудамыз. Тәрбиешілеріміз біліктілігін көтеру курстарынан өтіп, тәжірибе алмасып отырады, әрқашанда инновациялық жаңалықтарды қалт жібермеуге тырысады. Балаларының бойындағы қабілеттердің ашылғанын, дүниетанымы кеңейгенін, жаңа әрі қызықты істер тапқанын байқаған ата-аналар да бізге риза,-дейді Оралдағы жеке балабақша құрылтайшыларының Мұрат Қуанышқалиев.

Жұбан МҰРАТ