Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Оралдағы "Отбасы" орталығында ашық есік күні өтті

Өткен жылы Орал қаласында «Отбасы» орталығы ашылған еді.

Оралдағы "Отбасы" орталығында ашық есік күні өтті
Фото: Жұбан Мұрат

Мекеме аз қамтылған, көп балалы  жанұяларға, жалғызбасты аналарға өз құқықтарын білуге, сауатты пайдалануға, өздеріне тиесілі көмектерді алуға және өзге де көмектерді көрсетеді. Әсіресе компьютерлік сауатталықтарын арттыруға жәрдем беріп келеді. 12 қыркүйек - Отбасы күніне орай осы орталықта ашық есік күні ұйымдастырылды.

Шара барысында түрлі саланың мамандары орталыққа келген азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Солардың бірі – көп балалы ана Құралай Арыстанова. Ол бұған дейін осы орталықта жаңа кәсіпті меңгеріпті. Енді «Еңбек» бағдарламасы аясында несие алу туралы мамандардан кеңес алған. Ашық есік күнінде жұмыспен қамту мекемесінің мамандары, заңгерлер мен дефектологтар тұрғындардың түрлі сауалына жауап берді.

Айта кетейік, күні бүгінге дейін түрлі сауалдар мазалаған 900-ге жуық жан осындағы мамандардың кеңесіне жүгінген екен.

Жұбан МҰРАТ