Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Ақтөбеде су желілерін жөндеу кезінде бюджет қаржысы жымқырылған

Кесірінен мемлекетке 13 млн зиян келген.

Ақтөбеде су желілерін жөндеу кезінде бюджет қаржысы жымқырылған
Фото: Яндекс.Новости

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, – деп хабарлайды paryz.kz.

Қаржы мониторингі комитетінің мәліметінше, Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті "Қазына" шарасының аясында бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтаған.

"Өңірлерді дамыту" мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік мекеме мен "КК" ЖШС арасында жалпы сомасы 163 млн теңгені құрайтын келісімшарт жасалған.

Соның шеңберінде Мұғалжар ауданының ауылдық округінде сумен жабдықтау желілерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары жасалуы тиіс болатын.

Алайда жарияланған жұмыс толық көлемде жүргізілмей, салдарынан алдын ала есеп бойынша келген залалдың мөлшері 13 млн теңгені құраған.

Бұл факт негізінде ҚР ҚК 189-бабы, 4-бөлімі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, ақша жымқыру фактісіне мемлекеттік органдағы лауазымды тұлғалардың қатысы тексеріліп жатыр.