Бүгінгі таңда Оралда бес жекеменшік мектеп бар.
Олар: Х.Қапанов атындағы Орал халықаралық гимназиясы, философиялық бағытта жалпы білім беретін жеке мектеп, ақпараттық-технологиялар мектеп-лицейі және «125 High school» білім беру орталығы және республикалық «Fizmat academy» физика-математика мектебі. Соңғысы биылғы оқу жылында өз жұмысын бастаса, «125 High school» былтыр ашылған еді. Деген де бұл әлі де аздық етуде.
-Мемлекет басшысы таяудағы Жолдауында мектептерді бюджет қаржысына салумен қатар, осы өзекті мәселені шешуге жеке секторды да тарту қажеттігін жеткізді. Осы орайда, жыл сайын қаламызда жеке инвесторлар есебінен білім беру нысандары пайдалануға берілуде. Қаламызда жыл сайын оқушылар континтенті өсіп отыр. Бұдан бөлек, шаһарда үш ауысымды мектептердің санын жою да күн тәртібіндегі маңызды мәселе. Сондықтан, жаңа орта білім беру ұйымдарын ашуға жеке секторды белсенді тарту жұмыстарын жалғастыруымыз керек, - дейді Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков.
Жұбан МҰРАТ