Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Қазіргі ұстаз – ертеңгі болашақ кепілі

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында білім саласына көп назар бөлінеді, осы аймақтың ұстаздары өз біліктіліктерін әрдайым шыңдап, оқушыларға сапалы білім беруге тырысады.

Қазіргі ұстаз – ертеңгі болашақ кепілі

Қызылжар ауданы бойынша білім беру бөлімінің жетекшісі Амангелді Абдрахмановтың айтуы бойынша, бүгін мектеп алдына жоғары талаптар қойылған, мемлекет тарапынан білім беру саласына күшті қолдау көрсетілуде.

Ауданда 6332 оқушыны қамтитын 42 мектеп жұмыс істейді.

"Білім беру мекемелерінің желісі олардың аудан орталығына жақын орналасуына байланысты, тұрақты. Оқушылар саны жылдан жылға артып келеді. Егер, 2018 жылы 5886 оқушы білім алса, биыл оқушылар саны 6332-ге жетті, яғни 446 адамға көбейді. Соңғы 3 жылда білім беру мекемелеріне қаржылай қолдау 2 есе артты", - дейді Амангелді Еслямбекұлы.

2021 жылғы Қызылжар ауданы бойынша білім беру саласының бюджеттік қоры – 6,2 млрд. теңгені құрайды.

"Ол дегеніміз мұғалімдердің жалақысы 50% көтерілді, мектептерде жөндеу жұмыстары өткізілді. Аудан бойынша 22 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары өтті, соның ішінде екі мектептің жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі ұстаз – ертеңгі болашақ кепілі. «Білім – инемен құдық қазғандай» деп халқымыз бекер айтпаған екен. Білімсіз дамыған, қуатты мемлекет болу мүмкін емес. Сондықтан қоғамды соңынан ертуге қауқарлы, ісіне берік әрі тиянақты қазіргі  білікті, құзіретті мұғалімдер қажет", - дейді бөлім басшысы.

Сонымен қатар, Амангелді Еслямбекұлы  2019 жылы  мемлекеттік-жекеменшік серіктестікке өткен Петерфельдегі орта мектебі Назарбаев зияткерлік мектебінің әдіснамасымен жұмыс істей отырып, үлкен жетістіктерге жетіп жатқанын атап өтті.

"Олардың ҰБТ бойынша орташа баллдары өсіп, білім беру сапасы мектеп бойынша жақсарды. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тәжірибесі жалғасатын болады, Соколов орта мектебін жобаға қатыстыру жоспарда", - деді Амангелді Абдрахманов.