Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Мәжілісмен Ақтөбе әуежайының арзанға сатылатынына алаңдап отыр

9 қыркүйекте саудаға шығарылатын әуежай әзірге облыстық Қаржы басқармасының меншігінде. 

Мәжілісмен Ақтөбе әуежайының арзанға сатылатынына алаңдап отыр
фото: ашық дереккөз

Мәжіліс отырысында депутат Андрей Линник сатылымға қойылған Әлия атындағы халықаралық әуежайдың тым арзанға бағаланып отырғанына алаңдап, тексеруді талап етті деп хабарлайды Paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл нысанның аумағында терминал, әкімшілік ғимарат, коммерциялық аумақ, қойма – бәрі бар. Одан қалды барлық қондырғы, инфрақұрылымы халықаралық стандарттарға сай келеді. Соған қарамастан 7,3 млрд теңгеге бағаланғаны күмән туғызып отырғанын айтты.

9 қыркүйекте саудаға шығарылатын әуежай әзірге облыстық Қаржы басқармасының меншігінде. Стратегиялық нысанның сатылымға шығарылуына Үіметтің қаулысы себеп болған көрінеді. Ал құнын бағалау компаниясы қойған. Ақтөбе халықаралық әуежайы осыдан екі жыл бұрын облыстық коммуналдық меншікке берілген болатын.

Қаржы басқармасының мәліметінше, нысанды күтіп ұстауға қазынадан ақша бөлінбеген. Әуежайдың қызметі арқылы өткен жылдың өзінде 300 млн теңге табыс түскен.

Құнын анықтауға екі жерге бердік, бірдей анықтап шықты. Компания бағалау, лицензиясы бар. Бұл комиссиямен шешіледі бағалау құнын. Қазіргі таңда құны - 7,3 млрд теңгеге бағаланып тұр. Бәрі заңға сәйкес. Әрі қарай электронды түрде жүргізіледі. 15 күн өткеннен кейін электронды түрде портал өзі анықтайды. Ол 7 млрд-тан құны жоғары болуы керек. Олар жоғары баға беруі қажет, – деді облыстық Қаржы басқармасының басшысы Нұрлыбек Өнербаев.