"Өзіме сыйлық жасадым": Сәдуақасова Түркиядан алған пәтерін көрсетіп, мақтанды (ВИДЕО)

Әншінің айтуынша, ол баспананы өз туған күніне орай сатып алыпты.

"Өзіме сыйлық жасадым": Сәдуақасова Түркиядан алған пәтерін көрсетіп, мақтанды (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Мәдина Сәдуақасова Түркияның Аланья қаласынан сатып алған пәтерін көрсетіп, мақтанды деп жазады Paryz.kz.

Әншінің айтуынша, ол баспананы өз туған күніне орай сатып алыпты.

Аланиядан пәтер алып өз-өзіме сыйлық жасадым! Әнуарды мектепке жібердік, туған күн, міне, келіп қалды, әрі-бері ақшамызды шаша бермей әр нәрсеге, бір үй алып қояйық дедік! Демалысқа келгенде отель емес, өзіңнің дап-дайын үйіңе барған жақсы емес пе?! Ал, көріп, бағасын беріңіздер! Әр отбасына осындай үй алу бұйырсын! - деп жазып қойды Сәдуақасова.

Әншінің оқырмандары оның қуанышына жылы лебіздерін білдіріп, жарыса құттықтап жатыр. 

"Бізге де жұғысты болсын!", "Құтты шаңырақ болсын!", "Бар шаңыраққа бұйырсын!", "Қандай керемет, сіз қандай үйге болсын лайықтысыз, сіз үшін қуаныштымыз", "Іші жанға, сырты малға толсын", - деп жазуда олар.