"Төсіңді көрсетіп болмадың ба?": Мәдина Сәдуақасованы "сойып салды" (ФОТО)

Instagram парақшасынан оның қара түсті көйлекпен отырғанын көруге болады.

"Төсіңді көрсетіп болмадың ба?": Мәдина Сәдуақасованы "сойып салды" (ФОТО)
фото: ашық дереккөз

Әнші Мәдина Сәдуақасова жаңа образымен елді таңғалдырамын деп, бүлдіріп алды. Оның төсін көрсетіп тұратын киімі көпшілікке мүлдем жақпай қалды. Сол үшін де олар әншіні сынап, жерден алып, жерге салды деп жазады Paryz.kz.

Мәдина Сәдуақасованың Instagram парақшасынан оның қара түсті көйлекпен отырғанын көруге болады. Өзіне, бәлкім, ұнаған шығар, ал бірақ оқырмандары пікірлерімен әншіні "сойып тастады".

"Масқара, басталды", "Көкіректі көрсетіп болмадыңдар ма?", "Мадина, сізге мұндай образдар жараспайды. Қазақтың қарапайым қызысыз ғой", "Төсіңізді неге аша бересіз? Жапсаң да сұлусың ғой", "Онша емес, шынымды айтсам", "Анау ашық көкіректі жапсаң, болады шығуға", "Қыз баласына жабық киінген жарасады", "Бір жерін ашып болмады ғой", "Бұндай түрде шықпай-ақ қойыңыз, ерсі", "Жоқ болмайды, нашар көрінесің", "Жоқ, керек емес", – деп жарыса пікір білдіріп жатыр олар.