Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Динара Қырықбаева "Дикий Арманмен" кездесіп жүр ме?..

Өнер иесі "Дикий Арманмен" арасында не бар екені туралы бар шындықты жайып салды.

Динара Қырықбаева "Дикий Арманмен" кездесіп жүр ме?..
фото: ашық дереккөз

Әнші Динара Қырықбаева ел арасында өзінің жеке өміріне қатысты таралып жатқан қауесеттерге жауап берді деп жазады Paryz.kz.

Соңғы кезде желіде көпшілік оны қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевпен қосып жүр. Өнер иесі "Дикий Арманмен" арасында не бар екені туралы бар шындықты жайып салды.

Динара Қырықбаева Instagram парақшасында жанкүйерлерін қызықтырған түрлі сұрақтарға жауап беріп, өзіне қатысты көптеген қауесетке нүкте қойды. Оған келіп түскен сауалдардың басым көпшілігі "Дикий Арман" жайлы болып шыққан. Желі қолданушыларын әнші мен қылмыс әлемінің серкесін не байланыстыратыны аса қатты қызықтырған.

Оқырмандарының сөзіне қарағанда, соңғы кезде Арман мен Динара шетелде жиі кездесіп жүрген көрінеді.

Алайда, әнші оны бірден жоққа шығарды. Ол Арман Жұмагелдиевті ағасы ретінде қатты сыйлайтынын әрі оның бойында патриоттық қасиетін қатты бағалайтынын айтты.

Отыздан астам сұрақтың барлығы Арман жайлы. Кейін әңгіме болмасын деп осы жерде өзім жауап берейін. Арман менің ағам, досым және жәй ғана жақсы адам. Мен ылғи да осындай ағаларыммен мақтанамын. Арманның бір жақсы жағы: ол өз елінің патриоты, - деді әнші.