"Қазақ тұмшаланбаған": Мөлдір Әуелбекованың орамалы тағы дау тудырды

Желі қолданушыларының бұл мәселеге қатысты пікірі екіге жарылды. Бірі әншіні қолдай кетсе, ал енді бірі тұмшалану қазақ тарихында болмаған деген пікір жазып жатыр.

"Қазақ тұмшаланбаған": Мөлдір Әуелбекованың орамалы тағы дау тудырды
фото: ашық дереккөз

Әнші Мөлдір Әуелбекова instagram-парақшасында жазба қалдырып, тағып жүрген орамалын әлі де сөз етіп жүргендер бар екенін айтты. Осы орайда ол жабық киінгені үшін сынға алғандарға жауап берді деп жазады Paryz.kz.

Әдемі пост салып, әңгіме жазайын десем, ойыма нақты бір тақырып келмейді. Қандай мәселені талқылағанымызды қалайсыздар? Әйтеуір білетінім, орамалымды көп талқылайтындар тым басымырақ. Неге олай екенін білмеймін. Кейбір қыз-келіншектер сияқты тым ашық жүргеннен жабық жүрген жақсы емес пе? Әлде қалай, - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушыларының бұл мәселеге қатысты пікірі екіге жарылды. Бірі әншіні қолдай кетсе, ал енді бірі тұмшалану қазақ тарихында болмаған деген пікір жазып жатыр.

Қазақтың қызы орамалмен тұмшаланбаған. Ұзын киімге сөзім жоқ. Ал мойынға дейін орану тарихымызда болмаған. Қыз бала, басына бөрігін киіп, орамалын артына байлап, шашына сыңғырлата шашбауын тағып жүрген", "Өте талантты, көрікті қызсыз, тарихи суреттерді ақтарып, жазбаларды қарасаңыз. Дінге еш қарсылығым жоқ, керісінше Аллаға сенімім шексіз. Бірақ орану деген басқа мемлекеттерге тән нәрсе. Жалаңаш жүр демеймін, қазақ аруына сай киінсеңіз", "Ешкімді тыңдамаңыз, сіз замануи жабық киініп жүрсіз ғой", "Ақ орамалыңыз әдемі жарасып тұр. Жұрттың сөзін елемеңіз, шешпеңіз, - деп жазуда көпшілік.