Қайрат Нұртас қылмыс әлемінің серкесін туған күнімен құттықтады

Қайрат Нұртас оған арнаған тілегін Instagram парақшасында жазып қойған.

Қайрат Нұртас қылмыс әлемінің серкесін туған күнімен құттықтады
фото: ашық дереккөз

Қайрат Нұртас «Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевті туған күнімен құттықтады деп хабарлайды Paryz.kz

Қайрат Нұртас қылмыс әлемінің серкесіне арнаған тілегін Instagram парақшасында жазып қойған. Әнші "Дикий Арманды" ағасындай жақсы көретінін білдіріпті.

«Ағасы бардың жағасы бар, мен үшін биік бағасы бар, сөзінің жанға дауасы бар Арман ағамды жеке мерекесімен құттықтаймын. Бар жақсылықты тілеймін. Жақсы адам жақсылықтан айрылмасын, қазағым деп жүргендер қайғырмасын. Алла қолды ешкімге жайдырмасын. Ақиқаттың жолында жүрген адам, Құдайым тура жолдан тайдырмасын», – деп жазды Қайрат Нұртас.

Өзін құттықтаған әншіге ол да алғысын жеткізген.