"Мақтанып тұрғандайсыз!": Желіде Ерке Есмахан оңбай сөз естіді (ВИДЕО)

Ол instagram-парақшасында өз сөмкелерін көрсетіп, көпшіліктен көмек сұраған.

"Мақтанып тұрғандайсыз!": Желіде Ерке Есмахан оңбай сөз естіді (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Әнші Ерке Есмахан өз киім үлгісіне сай сөмке таңдай алмай, жанкүйерлерінің көмегіне жүгінгені сол еді, олардан оңбай сөз естіп қалды деп хабарлайды Paryz.kz.

Ол instagram-парақшасында өз сөмкелерін көрсетіп, көпшіліктен көмек сұраған. Әнші олардың ішінен қайсысын таңдарын білмей, сауалнама жүргізген. Желі қолданушылары әншіге бірден көмекке келіп, оған өз пікірлерін жарыса жазған. Олардың басым көпшілігі өнер иесіне бәрі жараса беретінін жазған. Ал кейбірі оны асқан мақтаншақ деп, сөгіп тастады.

"Ерке, сөмкелеріңізден үй салуға болады", "Қанша сөмкеңіз бар сонда? Тым көп қой", "Сізге бәрі жарасады", "Маған екінші және төртінші сөмке ұнады", "Қара түстісі мына киім үлгісіне жақсы жарасады екен", "Енді сөмкелердің санымен мақтанасыз ба", "Мақтанып тұрғандайсыз", "Ерке, образ сізді емес, сіз образды ашатын жансыз ғой. Сол себепті кез келген сөмкені таңдай беріңіздер", - деп жазуда оқырмандар.