"Аруаққа ұқсап қалыпты": Маржан Арапбаеваның жаңа образы жұртты шошытты (ФОТО)

Иә, дәл осылай деп жазба қалдырған Арапбаева елден жағымсыз пікір күтпесе керек.

"Аруаққа ұқсап қалыпты": Маржан Арапбаеваның жаңа образы жұртты шошытты (ФОТО)
фото: ашық дереккөз

Маржан Арапбаева жаңа образдағы суретін жариялаймын деп қызу талқыға түсті деп жазады Stan.kz. 

Әнші соңғы уақытта көрінбей кетуінің сырын ашты. Карантин деп ұзақ уақыт үйде отырып қалған Маржанның соңғы кезде түсірілімнен қолы тимей жүрген көрінеді. 

"Сәлем Әлем! Қалайсыздар? Инстаграмға кіруге уақыт болмады ғой. 6 күн тоқтамай съемкада болдым. Азанда кіремін, түнде шығамын. Бүгін, міне, сіздермен амандасып қояйын деп... Аман болыңыздар". 

Иә, дәл осылай деп жазба қалдырған Арапбаева елден жағымсыз пікір күтпесе керек. Желі қолданушылары әншінің образын сынап, негативті пікірлерді қарша боратқан. 

"Алла кешірсін. Өлген аруақтарға ұқсап қалыпты", "Маржан ханым соңғы кездері түрің бір түрлі болып барады. Өзіңізге байқалмайтын шығар. Алланың берген әдемі түрің бар ғой", "Неге қорқынышты болып кеткен?” "Енді осы тұрысың дұрыс па? Сыртыңнан қараш өзіңді бір кімге ұқсап тұрғанынды? Алланың берген шынайы түрімен, шынайы қарапайымдылығымен түссейші хоть фотоға", – деп жазды олар.