Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Иманбек Зейкенов Ресейдің ірі музыка фестивалінде өнер көрсетті

Айта кетейік, бұл - қазақстандық музыканттың алғаш рет ауқымды шоуға қатысуы.

Иманбек Зейкенов Ресейдің ірі музыка фестивалінде өнер көрсетті
фото: opennov.ru

Қазақстандық DJ Imanbek - Иманбек Зейкенов Ресейдегі "Столица закатов" музыка фестивалінде өнер көрсетті. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жариялады деп хабарлайды Paryz.kz

Иманбектің жазуынша, ол қатысқан іс-шара 31 шілдеде Нижний Новгородта өткен. Нижневолжская жағалауында қаланың 800 жылдығына орай өткен "Столица закатов" музыка және от-шашу фестивалінде өнер көрсетті.

Иманбек Instagram-парақшасында ақ маска тағып, көпшілік алдына шыққан суретін жариялады, ал сурет сипаттамасына Thanks NIZHNIY! деп жазған.

Ұйымдастырушылар ақпаратына қарағанда, танымал қазақстандық диджей заманауи электрон жанрындағы музыкаға арналған фестивальдің алтыншы күнінің хедлайнері болған. 

20 жастағы Иманбек Зейкенов "Грэмми" жүлдесін жеңіп алған алғашқы қазақстандық атанды. Ол Сент-Джонның "Roses" композициясына жасаған ремикс үшін жүлде алды. Оған дейін Иманбек Ақсу қаласында теміржолшы болып жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде ол Рита Ора, Usher, David Guetta, 50 Cent, Sean Paul және Sofia Reyes сияқты әлемге әйгілі әртістермен ремикс пен трек жазып үлгерді. 

Айта кетейік, бұл - қазақстандық музыканттың алғаш рет ауқымды шоуға қатысуы.