Құзырлы органдар осы концертке қатысты әзірге ешқандай ақпарат таратпады.
Танымал әнші Қайрат Нұртас Алакөлде аншлагпен концерт берді деп хабарлайды Paryz.kz.
Концертте ине шаншар орын болмағанын әншінің өзінің де, концертті көргендердің де әлеуметтік желіге жариялаған видеоларынан анық байқауға болады.
Елімізде сақтық шаралары күшейтілгеніне қарамастан осындай шара ұйымдастырғандардың әрекетін желі қолданушылары құптамай отыр. Өйткені әншінің әніне еліткендердің ешбірі бетперде кимеген, ара қашықтық сақтамаған.
Ал Қайрат Нұртас жеке парақшасында "Алакөл, рахмет" деп жазба қалдырды.
Құзырлы органдар осы концертке қатысты әзірге ешқандай ақпарат таратпады.