"Қателескенімді түсініп жатырмын...": Төреғали Төреәлі сиыр сауып жүр

Желі қолданушылары эстрада жұлдызының асқан қарапайымдылығына тәнті болып, оған деген жылы лебізін жарыса білдіріп жатыр.

"Қателескенімді түсініп жатырмын...": Төреғали Төреәлі сиыр сауып жүр
фото: видеодан скриншот

Әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде сиыр сауған видеосын жариялап, қалың көпшілікті тәнті етіп қойды деп хабарлайды Paryz.kz

Төреғали Төреәлі бұл видеомен өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Бейнежазбадан ауылда жүрген әншінің сиыр сауып жатқанын көруге болады. Өнер иесі алдымен жануарға шөп беріп, кейін бұзауын алып кетіп, оны сауа бастайды. Желі қолданушылары эстрада жұлдызының асқан қарапайымдылығына тәнті болып, оған деген жылы лебізін жарыса білдіріп жатыр.

"Жарайсың, қазақтың қарапайым баласы", "Бәрі ауылдан шыққан ғой. Шыққан жерін ұмытпаған дұрыс", "Керемет көрініс. Жұлдыз болғанымен, аса қарапайым екен", "Менің әкем де, жолдасым да, балам да сауады. Онда тұрған ештеңе жоқ. Жарайсың Төреш", "Бұрын сізді өзінше деп ойлайтынмын. Енді қателескенімді түсініп жатырмын", "Ел алдында жұлдыз болып жүрсе де, қарапайымдылығын жоғалтпаған", - деп жазуда желідегілер.