Алайда әлеуметтік желіге жүктелген фото-видеоларда әншінің жұбайының түрі анық көрінбейді.
Отандық әнші Мақпал Исабекова екінші мүшелінде сүйіктісіне тұрмысқа шығып, заңды некеге тұрды деп хабарлайды Paryz.kz.
Қуанышты хабарды әншінің өнердегі әріптестері Instagram арқылы таратып, көпшіліктен сүйінші сұрап жатыр.
Жас жұбайлар қуанышты сәттерін жақындарымен атап өткен. Алайда әлеуметтік желіге жүктелген фото,-видеоларда әншінің жұбайының түрі анық көрінбейді. Алайда желі қолданушыларының кейбірі оның тұрмыс құрғанына қуанса, ал енді бірі өзге ұлт өкілімен бас қосқанын жақтырмай қалған секілді.
"Аты Родион. Луина айтып калды", "Басқа ұлттан екен", "Оның ұлты орыс", "неге орыс? Некесін мешітте қидырған ғой", "Бұқа болсын, шорт болсын, балаларға сүт болсын! демекші, ұлтын қайтесіңдер, жақсы адам болсын, аман болсын, бақытты болсын!" деп жазып жатыр.