Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

"Некелескен жоқпыз": Ерке Есмахан сүйіктісімен тек кездесіп жүргенін айтты

Әлеуметтік желі қолданушылары Ерке Есмаханға көптеген сауал қойып, өз ұсыныстарын айтып жатыр.

"Некелескен жоқпыз": Ерке Есмахан сүйіктісімен тек кездесіп жүргенін айтты
фото: ашық дереккөз

Әнші Ерке Есмахан Азамат Зенкаевпен арақатынасы жайлы көпшілікке жайып салды. Оқырмандарының сұрақтарына ашық жауап берген ол, сүйіктісімен тек қыз-жігіт болып кездесіп жүргенін жеткізді деп хабарлайды Paryz.kz

“Аz екеуміз некелескен жоқпыз. Заңды түрде де некеге тұрған жоқпын. Бірге тұрып жатқан жоқпыз. Біз жай ғана кездесіп жүрміз. Бір-бірімізді танып-біліп жатырмыз. Мен жүкті емеспін. Ол - жалған ақпарат. Бәрін Алла біледі. Алда қалай боларын Алла біледі”, – деді әнші.

Әлеуметтік желі қолданушылары Ерке Есмаханға көптеген сауал қойып, өз ұсыныстарын айтып жатыр.

“Неге уақыт созып жүрсіздер? Жасыңыз келді емес пе?”, “Болашақта қосылмауы да мүмкін деген сөз”, ”Жас айырмашылықтарың келмейді ғой”, “Махаббат жасқа қарамайды”, “Мен бақыт тілеймін, жастар бақытты болсын”, “Азаматты қимаймын, Ерке екеуі тең емес қой”, – деп жазды олар.