Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

"Қазір модада емес, жиіркенішті...": танымал тележүргізуші жас қыздарды сынап тастады

"Дым жараспайды, ұялып кетесің.  Қыздар, айғайлап сөйлеу, бас жоқ, аяқ жоқ әңгімеге киліге кету, кішірейе салудың орнына сен деп сенсіреу, шекарадан аттап, адамның жеке өміріне араласу, адамды орнына қоям деп намысына тиетін сөздер айту - нағыз дөрекілік..."

"Қазір модада емес, жиіркенішті...": танымал тележүргізуші жас қыздарды сынап тастады
фото: ашық дереккөз

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жас қыздардың сөйлеу мәдениетіне қатысты өз ойымен бөлісті. Осы орайда ол бүгінде қыздардың боғауыз сөздерді жиі қолданатынына қатысты ренішін білдірді деп хабарлайды Paryz.kz.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында көрікті арулардың мұндай әрекеті жиіркенішті болып көрінетінін айтты.

"Екі сөзінің бірі боғауыз адамдарды сіз де көріп жүрсіз ғой, Американы ашқандай болмайын. Ондайларға көзің де, құлағың да, өзің де үйренеді екен. “Связка слов” қой деп ақталады тағы. Осы жасқа келгенше талай адамды көрдім: әдептіліктен жұрдай. Бәрін қойшы, бірақ мен үшін дәл қазір жап-жас қыз балалардың (12+) боқтап сөйлегені қатты жиіркенішті. Дым жараспайды, ұялып кетесің.  Қыздар, айғайлап сөйлеу, бас жоқ, аяқ жоқ әңгімеге киліге кету, кішірейе салудың орнына сен деп сенсіреу, шекарадан аттап, адамның жеке өміріне араласу, адамды орнына қоям деп намысына тиетін сөздер айту - нағыз дөрекілік. Тәрбиесіздік, оның үстінен бұл қазір модада емес. Боқтап сөйлегеннен сыйлы болып кетем деп ойласаң, өте қателесесің", - деп жазды тележүргізуші.