Жұртшылық өнер иесінің образын тым ашық әрі ерсі деп бағалапап, оған деген өз наразылығын білдірді.
Отандық танымал әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева әлеуметтік желіге табиғат аясында түскен суреттерімен бөлісіп, оқырмандарын "қырылыстырып" қойды деп хабарлайды Paryz.kz.
Желі қолданушылары әншінің ашық образына шүйлігіп жатыр. Фотода Кәмшаттың қысқа көйлекпен табиғат аясында отырғанын көруге болады. Бұл көрініс оқырмандарының ашуын тудырып, жағымсыз олардың жағымсыз пікір жазуына түрткі болғандай.
Жұртшылық өнер иесінің образын тым ашық әрі ерсі деп бағалапап, оған деген өз наразылығын білдірді.
"Осылар денесін ашпаса жүре алмайтын болып қалған", "Шөп үстіне олай отыруға болмайды", "Адам болмайды-ау", "Сөзім жоқ. Ұят емес пе", "Аяғы қорқынышты екен", "Кәмшат мына жүрісің жарамайды. Саған тезірек тұрмысқа шығып, балалы болу керек", "Қартайып бара жатқандай", "Неге ашық образдарға құмарсыз?", - деп жазып жатыр желі қолданушылары.