Жәния Джуринская 114 адамға арнап той жасамақшы (ВИДЕО)

"Енді бұл тізімді мүлдем қысқарта алмай жатырмыз..."

Данияр Хизметовпен отау құрған Жәния Джуринская алдағы уақытта 114 адамға үйлену тойын жасауға ниеті барын жайып салды. Жуырда құрбысы Сая Оразғалиеваның қуанышын бөліскен өнер иесінің өзі де үлкен тойын жасағысы келіп кеткен екен деп хабарлайды Paryz.kz.

Жәния Джуринская бұл жайлы Instagram парақшасында мәлім етті.

"Біз үйлену тойымызды жасайтын болдық. Сенесіздер ме? Біз ұзақ жүріп ойланып, жасау керек деген шешімге келдік. Жақында біз достарымыздың тойында болып, өзімізге де жасау керектігін түсіндік. Тізім құрдық. 114 адам шықты. Енді бұл тізімді мүлдем қысқарта алмай жатырмыз. Менің жан достарымның өзі 50 адамды құрап отыр", - деді өнер иесі.