"Айтсаң, сотталамыз...": Ақбота Керімбекова Lexus-570 сатып алған ба? (ВИДЕО)

Жанар Айжанова Керімбековадан "ақшаны қайдан алдың?" деп сұрап, оны ыңғайсыз жағдайға қалдырған. Бұл сұрақтың соңын Әділгерей қалжыңға айналдырып жібереді.

"Айтсаң, сотталамыз...": Ақбота Керімбекова Lexus-570 сатып алған ба? (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде танымал әзілкеш Қайрат Әділгерейдің Ақбота Керімбекованы жаңа көлік сатып алғанымен құттықтаған видеосы таратылуда. Оның сөзіне қарағанда, жақында ғана Шымкент қаласы Мәдениет басқармасының бастығы қызметіне тағайындалған әнші Lexus-570 көлігінің иесі атанған деп хабарлады Paryz.kz.

Қайрат Әділгерей Instagram желісіндегі Stories бөлімінде бір топ өнерпазбен бір дастарханда отырған сәтінен видео жариялаған. Бейнежазбада актер алдымен Абай Бегейді өткен туған күнімен, ал Жанар Айжанованы әже атануымен құттықтайды. Одан кейін әзілкеш Ақбота Керімбекованы түсіріп, оның жақында ғана Lexus-570 көлігін сатып алғанын айтады.

"Ақбота ханым, Lexus-570 құтты болсын. Шымкент қаласының мәдениет басқармасының төрағасы болғалы Lexus айдапты деп быт-шыт қылып, шатақ шығарып жіберсең", - деді Қайрат Әділгерей видеода.

Жанар Айжанова Керімбековадан "ақшаны қайдан алдың?" деп сұрап, оны ыңғайсыз жағдайға қалдырған. Бұл сұрақтың соңын Әділгерей қалжыңға айналдырып жібереді.