Танымал актер Фархат Әбдірайымов өмірден озды

Бұл ақпаратты Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі растады.

Танымал актер Фархат Әбдірайымов өмірден озды

Қазақстандық танымал актер, «Құрмет» орденінің иегері Фархат Әбдірайымов қайтыс болды, деп хабарлайды Paryz.kz Telegram-каналға сілтеме жасап.

«Грузияда "Больше чем любовь" киносының түсірілімі кезінде белгілі актер әрі керемет тұлға Фархат Әбдірайымов көз жұмды», - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, оның жүрегі тоқтап қалған.

Бұл ақпаратты Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі растады.

Актер биыл қаңтар айында ол 55 жасқа толған еді.

Фархат Әбдірайымов өзінің шығармашылық жолында 20-дан астам киноға түсіп, бірқатар марапаттарға ие болған.