Композитор Ескендір Хасанғалиев өмірден өтті

Ескендір Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Композитор Ескендір Хасанғалиев өмірден өтті
Фото: ашық дереккөз

Белгілі әнші әрі композитор Ескендір Хасанғалиев дүниеден өтті, деп жазады Paryz.kz.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«Ардақты ағамыз, асыл ағамыз, әйгілі композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақ КСР халық артисі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев өмірден озды. Марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Иманы саламат болсын», - деп жазды Нұрқиса Дәуешов.

Айта кетейік, ерлі-зайыпты Хасанғалиевтер коронавирус жұқтырып, 22 сәуір күні жансақтау бөліміне түскен болатын. Кейіннен Ескендір Хасанғалиевтің денсаулығы күрт нашарлағанын хабарладық.

Ескендір Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Е. Хасанғалиев – әнші, (лирикалық баритон), композитор, музыкант, Қазақстанның белгiлi эстрaдaлық әншiлерi орындaйтын көпшiлiкке жaқсы тaнымaл әндердiң aвторы. Қазақ КСР-нің Халық артисі (1984). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2006). Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы (2010).