Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Хиджабтағылар - өзге ұлттың мәдениетіне құл болып, өз ұлтының мәдениетінен жиренген сатқындар" - Айгүл Елшібаева

Әнші жазбасында хиджаб деген ұғымның қазаққа мүлде жат дүние екенін алға тартады.

"Хиджабтағылар - өзге ұлттың мәдениетіне құл болып, өз ұлтының мәдениетінен жиренген сатқындар" - Айгүл Елшібаева
Фото: ашық дереккөз

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева хиджабты насихаттап жүргендерді жерден алып жерге салды, деп жазады Paryz.kz.

Олардың ойына түбегейлі қарсы екенін білдіріп, осы мәселені жіті талдау мақсатында ол Instagram-дағы парақшасына жазба қалдыруды жөн көріпті. 

Әнші жазбасында хиджаб деген ұғымның қазаққа мүлде жат дүние екенін алға тартады.

"Қазақ ислам дінінде болмағандай басқа жақтан дін оқыған адасқандар қазақтың ұлттық киімінен бездіріп тек жаздық климатта өмір сүретін арабтың тек құм дауылына киетін хиджабын мұсылман қазақтың тарихында болмаған ұлттық киім атауына қыстырмаңдар.  

Орамал кимешектен, жаулықтан садаға кеткір. Қағынан жеріген өзге ұлттың мәдениетіне құл болып, өз ұлтының мәдениетінен жиренген сатқындар. Алла Құранда хджаб емес бүркеніш деген. Сендерді ұлт-руларға бөлдік десе, тек араб деген ұлттың киімін ки демеген.  

Біздің Қазақстанның климаты қыс, көктем, жаз, күз болғандықтан қазақ киім үлгілеріне бай ұлт. Хиджаб деп қақсағандар қақаған қыста қағымен қатып қалмасаң, қыста неге бөрік киіп жүрсіңдер? Көшеде қыздардың шашы еркектің нәпсісін оятады дейсіңдер. Сендерге көше ылыққан еркекке толы болды ғой. Қазақ қос бұрымды, қолаң шаш қызына орамал тақпаған. Қыз бала тақия, төбетей, келіншек - сәукеле, қасаба, жаулық, әже - орамал, кимешек киген. Алла тура жолдан айырмасын", - деп жазды Айгүл Елшібаева.