Ол Instagram-дағы парақшасында бүгінгі таңда қоғамдағы қарын аштыратын мәселелерді жіпке тізді.
Отандық танымал театр және кино актеры Азамат Сатыбалды қазіргі қоғамға көңілі толмайтынын айтып, көпшілікті ойға жетелейтін жазба жариялады, деп жазады Paryz.kz.
Ол Instagram-дағы парақшасында бүгінгі таңда қоғамдағы қарын аштыратын мәселелерді жіпке тізді. Сондай-ақ оқырмандарын оразаның басталуымен құттықтап, елдің амандығын тегіс тілеуге шақырды.
"Ақылды айтса құлақ аспай, ақымақтың сандырағына сенетін заман келді. Кең талант пен кем таланттың арасында жік жоқ. Көрегендік пен көріпкелдік көмескіленді,себебі батырларымызды өзге ел мойындағаннан кейін ғана бауырымызға басуды шығардық. Тұншығып жатқан қаншама тұлғаларымыз бар. Көзіміз жетсе де көрмегендей күй кешеміз. Ұлы дегеннің кейпі өзгерді. Себебі адамның санасы тұманданды. Тұманды сейілтетін рух. Рухы таза адам ешқашан адаспайды. Қазақ рухын кірлетпеген халық. Жасасын Қазақ елі. Қасиетті рамазан айында алақан жайып, алдымен елдің амандығын тілейік. Ел аман болса, елдің ішінде бізде аманбыз. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Мен сіздерді жақсы көремін" , - деп жазды ол.