Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

"Маңдайыма тақаған мылтықтан оқ атылмай қалды" - Ринат Зайытов (ВИДЕО)

"Өз үйіңде, бала-шағаңның қасында өз досың атып тастаса, бұл бүкіл нәрсенің ойран болғаны ғой. Сол кезде Аллаға шүкір дедім, мені солай сақтағанына", - дейді ақын.

"Маңдайыма тақаған мылтықтан оқ атылмай қалды" - Ринат Зайытов (ВИДЕО)
фото: дереккөз

Белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытов "Ең алғашқы" бағдарламасына сұхбат беріп, бұрын-соңды айтылмаған сырларымен бөлісті, деп хабарлады paryz.kz, Caravan.kz-ке сілтеме жасап.

Ақын сұхбат барысында жаңа жұмысы, өткен шақтағы естеліктері, алғашқы махаббаты жайында сөз қозғады. Аман Тасыған сұхбат барысында "Үйге келіп немесе көшеде ұстап алып, сізге қару тақаған кездер болды ма?" деген сұрақ қойды.

"Болды. Өз басым бірінші рет қару тақағанда қорықтым. Көшеде, кафеде болған оқиға еді. Балалармен сөзге келіспей қалдық, олар басқа ұлттың балалары еді. Сол кезде бірінші рет пистолет көрдім. Қасымдағы балалар жан-жаққа шығып кетті. Маған тақап тұрған еді. Айттым "ат" деп. Енді одан кейін талай оқиға болды ондай. Бір досым мені атып ала жаздаған. 2007-2008 жылдары болу керек, ол кезде менің мылтықтарым тіркелген, сейфі бар болатын. Үйге келген қонақтарыма көрсетемін ғой енді. Бір аңшылықтан келген кезім, келдім де қоя салдым. Таңға жуық келген болармын. Бір күні Мақсат ақын келді үйге. Сол кезде көрсетіп жатыр едім мылтықтарды, бір кезде ол маңдайыма тақады да атты, оқ атылмады. Мынау істемейді ғой деп бір жерін тартып қалып еді, оқ атылып кетті үйде. Сонда ол оқтаулы қалып қойған. Бірақ менің маңдайыма тақалып тұрған сол оқ маған атылмаған. Құдай сақтап қалды мені сол кезде және ол жағдай алғашқы рет емес, соңғы рет емес менде. Бірақ жаңағы Мақсат досыммен болған жағдайда қатты терледім. Өз үйіңде, бала-шағаңның қасында өз досың атып тастаса, бұл бүкіл нәрсенің ойран болғаны ғой. Сол кезде Аллаға шүкір дедім, мені солай сақтағанына", - дейді ақын.