Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"Бүкіл әлем тыныштықта отырғанда, Қазақстан той тойлап жүр" - Алуа Қонарова

"Себебі шенеуніктер өз мемлекетіне, өз халқына бей-жай қарамайтын елде тәртіп бар және адамдар өздерін солай ұстайды. Біздің жүйеге түбегейлі реформалар мен тыңдаушы мемлекет қажет", - дейді ол.

"Бүкіл әлем тыныштықта отырғанда, Қазақстан той тойлап жүр" - Алуа Қонарова
фото: ашық дереккөз

Белгілі продюсер Алуа Қонарова Instagram парақшасында Қазақстандағы карантиндік іс-шараларға көңілі толмайтынын ашық айтты. Ол көпшіліктің сақтық шараларын сақтамай, той тойлап жүргеніне ренжулі екен, деп жазды paryz.kz.

"Қазақстандағы карантиндік шаралардың әлсіз екені маған ғана емес, біраз адамға белгілі шығар. Бүкіл әлем мейрамханаларын жауып, комендант сағатын орнатып, тыныштықта отырғанда, Қазақстан ашық түрде көңіл көтеріп, той тойлап жүр. Шекара ашық. Әлем ақырындап миымен ойланып жатыр. Вакцинация алып жатыр. Вирустың таралуын бақылап отыр. Туристерді қабылдауға дайындалып жатыр. Қазақстан әлі де локдаунда.

Өзге елдегі адамдар бұл вирустың қауіптілігін түсінуде. Олар қыдырып, бітпейтін тойлар жасап жүрген жоқ. Мешіттерге кезекпен кіріп, мейрамханаларда шектеулі адамдар ғана отырады. Яғни, бұл заңдар сақталуда. Неге екенін білесіз бе? Себебі, шенеуніктер өз мемлекетіне, өз халқына бей-жай қарамайтын елде тәртіп бар және адамдар өздерін солай ұстайды. Біздің жүйеге түбегейлі реформалар мен тыңдаушы мемлекет қажет", - дейді Алуа Қонарова.