Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Қаш бұл жерден!": Майғазиевке жанашырлары Шымкенттен кетуге кеңес берді

"Майғазиевтің қолымен өз мүддесін іске асырып отырған базбіреулердің" кімдер екенінің шет жағасы белгілі де сияқты. Мысалы, Макс Назаров атты желі қолданушы оның сәләфиттерден құтылуы керектігін меңзеген...

АЙНАЛАЙЫН СӘКЕН-АУ, ҚАШ БҰЛ ЖЕРДЕН ЕРТЕРЕК!.. Өз басым Сәкен Майғазиевті елімізге қазақы нақыштағы қарапайым әндерді...

Опубликовано Әсетом Әссанди Воскресенье, 28 марта 2021 г.
"Қаш бұл жерден!": Майғазиевке жанашырлары Шымкенттен кетуге кеңес берді
фото: Instagram парақшасынан скриншот

Журналист Әсет Әссанди Facebook-тегі парақшасына кейінгі кезде басынан дау арылмай қойған әнші, Шымкент Мәдениет үйінің басшысы Сәкен Майғазиевке қарата "Айналайын, Сәкен-ау, қаш бұл жерден ертерек!" деген пост жазды, деп хабарлады paryz.kz.

"Өз басым Сәкен Майғазиевті елімізге қазақы нақыштағы қарапайым әндерді сыйлағаны үшін ерекше жақсы көремін. Өнер деген ұлы құдіреттің иесі ретінде де құрметім шексіз. Әрі "жақсы жезде әкеңдей" дегенді алға тартып, жезделік қамқорлығымды білдірсем деген ниетім бар. Бұрын-соңды мемлекеттік мекеме басқарып көрмеген адамға бірден барып директор бола салу оңай көрінгенімен, оның көзге көрінбейтін көптеген құбылыстары бар. Әсіресе, мемлекеттік бюджетке байланысты жұмыстарда тым абай болу керектігі айтпаса да түсінікті. Және "дос жылатып айтатыны, дұшпан күлдіріп айтатыны" тағы бар. Менің жазбам жақпай қалса – жылатып айтқаным! Өйткені, мен айтпасам, жұрт айтады. Бірақ, тым кеш болады", - деп ескертті жазба авторы.

Оның айтуынша, өңірге Сәкен Майғазиев басшылық қызметке келгелі, оның айналасында дау көбейіп кеткен.

"Даудың басы – Дайрабайдың ала сиыры" болса, мейлі ғой. Менің ойымша, сенің қолыңмен базбіреулер өз мүддесін іске асырып, ең соңында өзіңді бәріне кінәлі етіп көрсетпек пиғылы бар сияқты. Әлі кеш болмай тұрғанда, "қызметі де құрысын, бүйткен мансабы да құрысын" деп, шығармашылыққа оралғаның жөн! Өйткені "жаман айтпай, жақсы жоқ" демекші, ертең басыңа күн туа қалса, Ақботаны да, өзіңе басқа жақ ботаны да таппай қаласың! Мен өзіңе тек жақсылық пен амандық тілегенімнен, жүрегім қан жылап осыны жазып отырмын. Өйткені сен әлі қазақ жұртына керек адамсың!" - деді Әсет Әссанди.

Ол айтқандай, "Майғазиевтің қолымен өз мүддесін іске асырып отырған базбіреулердің" кімдер екенінің шет жағасы белгілі де сияқты. Мысалы, осы посттың астына пікір қалдырған Макс Назаров атты желі қолданушы оның сәләфиттерден құтылуы керектігін меңзеген.

"Сәкен Майғазиевке. Салафиттерден ертерек құтыл. Ата-бабамыздың дәстүрлі дінін ұстан. Салафиттерге жағымпазданба! Ертелі-кеш маскалар шешіледі, соңы өкініш болады", - деген кеңес берді Макс Назаров.

Ал әншінің Салтанат Әшірәлі есімді тағы бір шымкенттік жанашыры:

"Әсет аға, өте дұрыс айттыңыз. Біз Сәкен ағаның былғанғанын көргіміз келмей, шырылдап отырмыз. Тап-таза Сәкен ағамыздың ып-ылас саясатқа жақын жүргенін қаламаймын. Өз пікірім", - деп отыр.

Тағы оқи отырыңыз: Сәкен Майғазиев өзін "ақша жеді" деп айыптағандарды сотқа бермек

Aлайда Айнұр Тауенова деген кісі қанша жанашырлық танытсаң да "билікке бір былғанған" адамның басшылық лауазымын тастап кете қоюы екіталай екеніне сенімді.

"Сіз айттыңыз ғой, бірақ биліктің дәмін бір татса, өзіңді тозақпен қорқытса да биліктен енді айырылмайсың. Халық қолпаштаудай-ақ қолпаштады бұларды, енді өкпелі. Қазір мемлекеттік жұмыс деген - ең қиыны", - дейді ол.