Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Бұл сұмдық, масқара болды!": Галкин Димашты пародиялаған актрисаны қатты сынады (ВИДЕО)

"Димаш Құдайберген - ерекше. Мен бұл образды таңдауға кеңес бермес едім..." - деді ол.

"Бұл сұмдық, масқара болды!": Галкин Димашты пародиялаған актрисаны қатты сынады (ВИДЕО)

Ресейлік "Точь-в-точь" телешоуында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге пародия жасалды. Оны танымал актриса Валерия Ланская сомдады. Алайда қазылар алқасына актрисаның өнері ұнамаған, деп хабарлады paryz.kz, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ресейлік актриса шоу аясында Димаш Құдайбергенге ұқсатып грим жасап, "Любовь уставших лебедей" әнін орындап шыққан. Ланскаяның өнеріне актер Леонид Ярмольник, Максим Аверин, Михаил Боярский және Максим Галкин баға берген.

Алғашқы үш қазы "Димашқа" жоғары балл - бестікті қойған. Алайда Галкин Ланскаяның өнері сәтсіз шыққанын айтты. Ол актрисаның "Димаштың феномен дауысын жеткізе алмағанын" айтып, оған үш балл қойды.

"Мені кешіріңіздер, әрине. Бірақ бұл сұмдық, масқара болды! Жоғары ноталарды алу үшін төменгі дауыспен "түйіліп" қалуға болмайды ғой. Димаш Құдайберген - ерекше. Мен бұл образды таңдауға кеңес бермес едім. Сен өнер көрсеткенде, ноталарды алған кезде қатты уайымдадым. Ол төменнен жоғары дыбысты алған кезде еркін болады. Бастысы, Димашта дауысын басқару еркіндігі бар. Димашта бес октава бар, бірақ ол солармен ары-бері, дельтаплан сияқты ұшып жүреді. Бастысы - нота", - деді Галкин.