Қазақстандық ару Татарстандағы сұлулық байқауынан бас жүлде иеленді

Байқауға Татарстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан және Башқұрстан елдерінің арулары қатысқан...

Қазақстандық ару Татарстандағы сұлулық байқауынан бас жүлде иеленді
фото: tengrinews.kz

Қазақстандық Карина Кабдуллина Татарстанда Наурыз мерекесінің құрметіне орай ұйымдастырылған "Наурыз – 2021 сұлуы" байқауында жеңіске жетті, деп хабарлады paryz.kz, Татар-информға сілтеме жасап.

Байқауға Татарстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан және Башқұрстан елдерінің арулары қатысқан. Нәтижесінде, бас жүлде ел намысын қорғаған Карина Кабдуллинаға бұйырса, бірінші вице-мисс атағын өзбекстандық Юлия Ким, екінші вице-мисс атағын қырғызстандық Диана Зулпуева иеленді.

Ал Татарстан атынан сынға түскен Камилла Равилова байқаудың "ең нәзік сұлуы" деп танылса, тәжікстандық бойжеткен "ең талантты ару", ал башқұртстандық Яна Анварова "көрермен көзайымы" титулын жеңіп алды.

Айта кетейік, Карина Кабдуллина - 19 жаста. Ол Қарағанды медицина университетінің студенті. Бойжеткен 2019 жылы университтің бірінші вице-мисс атағын және "мисс интеллект" атағын жеңіп алған.