Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Шымкентский вариант" деген сорлы сөз бар" - Сәкен Майғазиев (ВИДЕО)

"Ондай адамдарды деңгейі төмен, өте сауатсыз адамдар деп есептеймін", - дейді ол. 

"Шымкентский вариант" деген сорлы сөз бар" - Сәкен Майғазиев (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Белгілі әнші Сәкен Майғазиев кімдерді деңгейі төмен адамдардың қатарына қосатынын жеткізді. Бұл туралы ол Talim TV арнасының "Жиырма бесінші сағат" бағдарламасына берген сұхбаты барысында айтты, деп хабарлады paryz.kz

"Жұрт ойлайды күліп жүргенге, ортасында тұрғанға, жаңағы белсенділік танытып жүргенге, "ебін тауып екі асап, жұртты пайдаланып, Шымкентский вариант" деген сорлы сөз бар да. Ең деңгейі төмен адамдардың айтатын сөзі. "Шымкентский вариант" немесе "Найманский вариант" немесе "қазақ десең өзіңе тиеді" деп айтатын адамдарды иттің етінен жек көремін! Ондай адамдарды деңгейі төмен, өте сауатсыз адамдар деп есептеймін", - деді Сәкен Майғазиев.