Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Иманбек облыс әкімінен алған 2 млн теңгесін қайырымдылыққа бермек

Ал Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов оның иығына шапан жапты.

Иманбек облыс әкімінен алған 2 млн теңгесін қайырымдылыққа бермек
фото: дереккөз

"Грэмми" премиясының лауреаты Иманбек Зейкенов өзінің туған қаласы Ақсуға оралып, жастармен кездесті. Кездесу барысында ол өзі туралы айтып, Мәскеуге барғандағы әсері және жоспарлары туралы баяндады, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Ди-джейді облыс әкімі, Мәдениет министрі құттықтап, оны Қазақконцерттің директоры Жеңіс Сейдоллаұлы қарсы алды.

Павлодар облысы әкімінің атынан ди-джейге заманауи техника алуына және "премия алғаны үшін көрімдік" ретінде 2 миллион теңге берілген. Ал Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов оның иығына шапан жапты.

"Менде заманға сай техника бар, сондықтан ол ақшаны қайырымдылыққа бергім келеді. Мен ешқайда көшпеймін. Күнде қалаға барып тұрамын. Болашақта музыка саласындамын. Теміржолдан бір жыл бұрын кеткенмін. Әрі қарай музыкамен айналысамын. Жастар бәрі жемқорлық көп, көтерілу мүмкін емес деп ойлайды. Олай емес. Менің келесі релизім Шон Полмен болады", - дейді Иманбек Зейкенов.