"Балалардың болмағанына шүкір": актриса Айнұр Ильясова жол апатына түсті (ВИДЕО)

Актриса жол-көлік оқиғасынан қатты шошып қалған. Оқиғаға себепкер болған жігіт те мұндай жағдайды күтпеген...

Белгілі актриса Айнұр Ильясова жол апатына түсті. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлап, оқиға орнынан фото мен видеолар жариялады, деп жазды paryz.kz.

"Таңым жақсы басталып еді. Бірақ ойламаған жерден бір көлік келіп мені соқты. "Алда не күтіп тұрғанын білмейсің" деген - осы", - деді өнер иесі.

Артынан сабырға келген ол өзі үшін қатты алаңдаған көпшілікке жағдайдың мән-жайын түсіндіріп берген.

"Мен өз жолағыммен жүріп келе жаттым. Бір жігіт кенеттен менің көлігімді соқты. Мен барынша шетке беріп, тежеуішті бастым. Бірақ бұл жерде бұрылатын жер жоқ, сол себепті осындай жағдай болып қалды. Менің алдыңғы есігім тіпті ашылмайды да, артқы есіктен шықтым. Көлікте балалардың болмағанына шүкір", - дейді аман қалған Айнұр Ильясова.

Актриса жол-көлік оқиғасынан қатты шошып қалған. Оқиғаға себепкер болған жігіт те мұндай жағдайды күтпеген, әрине.

"Жігіт кінәсін мойындады. Мен тазамын. Классика" деп жазды Айнұр Ильясова.