Нұрлан Әлімжанов басшылық қызметке тағайындалды

"Елбасы жолы" киноэпопеясында Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдады. 2013 жылы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын алды...

Нұрлан Әлімжанов басшылық қызметке тағайындалды
фото: ашық дереккөз

Бүгін Мәжілістің бұрынғы депутаты, актер әрі әнші Нұрлан Әлімжанов Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады paryz.kz, ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 1984 жылы 29 сәуірде дүниеге келген. Белгілі театр және кино әртісі, сазгер және орындаушы, тележүргізуші. "Елбасы жолы" киноэпопеясында Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдады. 2013 жылы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын алды.

Еске сала кетсек, 2021 жылы қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Нұрлан Сыдықовтың 5 жылға бас бостандығынан айырылғаны мәлім. Тергеу барысында шенеуніктің мердігерден 10 миллион теңге пара алғаны анықталды. Ол мәдениет басқармасының басшысы болып 2019 жылы тамызда тағайындалған болатын. Ал 2020 жылы маусымда оның қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады.