Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Бауыржан шоудың" актері 27 жыл көрмеген ұлымен кездесе алмады (ВИДЕО)

"Лиза екеуміз жатақханада тұрдық. Тұңғыш ұлымды менің әке-шешем бақты. Олар бауыр басып қалған шағында әйелім алып кетті. Құдалар бір-бірін түсінісе алмады", - дейді ол.

"Бауыржан шоудың" актері 27 жыл көрмеген ұлымен кездесе алмады (ВИДЕО)

"Бауыржан шоу" театрының бұрынғы актеры Нұрбек Мәдиев Еуразия бірінше арнасының "Ең алғашқы" бағдарламасына сұхбат берді. Сол сәтте ол жеке өмірі туралы сырын айтты, деп хабарлады paryz.kz.

Айтуынша, ол бірінші әйелі мен ұлын 27 жылдан бері көрмеген екен. Ұлын іздегенімен, онымен қазір кездесуге дайын емес.

Нұрбек Мәдиев студент кезінде Лиза есімді қызбен танысып, отбасын құрған. Арада бір бала бар. Алайда неке сәтсіз аяқталып, ғашықтар екі жаққа кеткен. Актер содан бері бірінші әйелін де, одан туған ұлды да көрмепті. Ата-әжесі де 4 жыл баққан Бексұлтан есімді немересін сол күйі кездеспеген.

"Лиза екеуміз жатақханада тұрдық. Тұңғыш ұлымды менің әке-шешем бақты. Олар бауыр басып қалған шағында әйелім алып кетті. Құдалар бір-бірін түсінісе алмады. Құдалардың ұрсысып жатқаны маған ауыр тиді. Сосын ажырасайық дедім. Әйелім ұлын алып кетті. Сол кеткеннен өзін де, ұлымды да көрмедік. Әке-шешем немересін іздеді. Әкемнің бір көрсем деген арманы орындалмай кетті. Жақында ол өмірден өтті. Енді анамның арманы орындалғанын қалаймын", - дейді актер.

Осы орайда, бағдарлама ұжымы бір ай іздеп, Нұрбек Мәдиевтің ұлын тапқан. Алайда әкесі ұлымен кездесуге дайын емес. Онымен телефон арқылы сөйлесуден де бас тартты.

"Мен қазір ұлыма телефон шалуға, сөйлесуге, кездеуге дайын емеспін. Әжесімен сөйлеспесе, маған біраз уақыт керек", - деді ол.