Димаштың бейнебаяны MTV USA рейтингін бастады

"Берген дауыстарыңыз үшін үлкен алғысымды айтамын. Сіздер менің кез келген бастамама әркез қолдау білдіріп келесіздер..." деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.  

Димаштың бейнебаяны MTV USA рейтингін бастады
фото: дереккөз

Friday Livestream MTV бағдарламасының жүргізушісі Кеван Кенни Димашты рейтингтегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлады paryz.kz, BAQ.kz-ке сілтеме жасап. 

"Менің Across Endless Dimensions әнімнің бейнебаяны MTV USA-де бірінші орынға тұрақтады. Берген дауыстарыңыз үшін үлкен алғысымды айтамын. Сіздер менің кез келген бастамама әркез қолдау білдіріп келесіздер. Алғысым шексіз" деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.  

Димаштың жазбасына 2 мыңға жуық адам құттықтау жаудырған.