Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қайрат Нұртас, Тәуекел Мүсілім сынды әнші-әртістер модель ретінде сән көрсетпек

Көпшілік назарына белгілі итальяндық брендтердің 2021 көктем-жаз жаңа коллекциясы ұсынылады.

Қайрат Нұртас, Тәуекел Мүсілім сынды әнші-әртістер модель ретінде сән көрсетпек
фото: nur.kz

Еліміздің белгілі әнші, әртіс, тележүргізушілері Нұр-Сұлтандағы сән көрсетілімінде бой көрсетпек, деп хабарлады paryz.kz, inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Онлайн сән көрсетіліміне Қайрат Нұртас, Санжар Мәди, Тәуекел Мүсілім, Әсел Сағатова, Әсел Сәдуақасова, және Динара Сәтжан қатысады деп жоспарланған.

Іс-шара ертең, яғни 12 наурызда сағат 18:00-де Talan галереясында өтпек. Көпшілік назарына белгілі итальяндық брендтердің 2021 көктем-жаз жаңа коллекциясы ұсынылады.

Сән көрсетілімі Atameken Business телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілетін болды.