Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Махаббат, қызық мол жылдар" - құсық фильм" – көрермендер талқысы

"Меңтайдың оң жақ бетіндегі меңі нәғып сол жақ бетіне шығып кеткен?"...

"Махаббат, қызық мол жылдар" - құсық фильм" – көрермендер талқысы
фото: ашық дереккөз

Кешелі бері көрсетіле бастаған "Махаббат, қызық мол жылдар" телехикаясы шықпай жатып сынға ұшырауда. Белгілі жазушы Әзілхан Нұршайықовтың романы негізінде түсірілген туынды әлеуметтік желі белсенділерінің көңілінен шықпай жатыр, деп жазды paryz.kz.

Мысалы, журналист, блогер Айсұлтан Жақыпов Facebook-тегі парақшасында өзі көрген кемшіліктерді тізіп шықты.

"Ұлттық арнадан "Махаббат, қызық мол жылдар" фильмін әлде сериалын көзім шалып қалды. Адамдардың сөзінде сенімсіздік бар. Санитарка қыздар бас киімсіз, басына қолын апарып "честь" беріп жүр. Бұл - әскери амандасу, әскерилердің арасында рапорт кезінде жасалатын рәсім. "Бос басқа қол апармайды" деген қағида бар-тын. Бәлкім соғыс кезінде устав басқаша болды ма екен? Әскери басшылардың үнінде зіл жоқ. Орыстардың соғыс тақырыбындағы фильмдері соғыстың ішіне сүңгітіп жібереді. Бізде ірі кадрмен адамдардың бет-әлпетін көрсету, әрбір жерден не мультфильм екені, не расымен құм мен топырақ екені белгісіз, бомбы жарылғанға ұқсайтын бірдеңе көрсеткен бопты. Опшым, құсық фильм",- дейді әріптесіміз.

Оған жазған пікірлер де қызық. Айталық, Дидар Жеткін:

"Мен тек аудиторияда отырған жерлерін көрдім. Тарих сабағы басталды. Ана ағайларының ойнағаны беліне жарылғыш нәрсе орап жіберген адам сияқты. Қыздың емес, жануардың басынан сипап тұрған адам секілді" деп жазған.

Ал Сулушаш Түлекова:

"Меңтайдың оң жақ бетіндегі меңі нәғып сол жақ бетіне шығып кеткен? Дұрыс айтасың, Айсұлтан, құсық "фильм". Фильм деуге аузым бармайды", - десе, Хамре Палуаниязова: "Татуаж жасатпаған қыздар табылмағаны өкінішті", - деген реніш білдірді.