Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

"Оңашада жылап та айтатын": Бекболат Тілеуханның анасы Айжанованы келін еткісі келіпті

Сонымен, қазір екеуі ерлі-зайыпты емес, тек жақсы достар ретінде араласып жүр.

"Оңашада жылап та айтатын": Бекболат Тілеуханның анасы Айжанованы келін еткісі келіпті
фото: коллаж

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның анасы әнші Жанар Айжанованы өзіне келін етуді қатты армандаған болып шықты. Бұл туралы әншінің өзі "Ең алғашқы" бағдарламасында айтты, деп хабарлады paryz.kz.

Сонымен, қазір Жанар Айжанова мен Бекболат Тілеухан ерлі-зайыпты емес, тек жақсы достар ретінде араласып жүр.

"Бекболат екеуіміз дос болдық, қатар шықтық. Бекболат – нағыз азамат, өнерін жақсы көремін. Мамасының мені қатты жақсы көргені соншалық, оңашада жылап та айтатын, "Арманым – сені Бекболатқа алып берсем" дейтін. Алайда Бекболат екеуміз достықтан аспадық", - деді әнші.

Еске сала кетсек, Жанар Айжанова марқұм күйеуінің анасымен әлі де жақсы араласып тұрады. Тіпті, ол екінші мәрте тұрмысқы шығарда сол кісіден рұқсат сұраған екен.