Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Жедел жәрдем шақырттым": 5 млн оқырманынан айрылған Супермамасита стресске түсті

"Күні бойы үйде төсекте жаттым, тұра алмадым. Өзімді өте нашар сезініп жатырмын», - дейді ол.

"Жедел жәрдем шақырттым": 5 млн оқырманынан айрылған Супермамасита стресске түсті
фото: Instagram парақшасынан скриншот

Жақында Instagram желісінде Супермамасита лақап атымен танымал болған Әлия Байтугаеваның 5 миллиондық парақшасы бұғатталған, деп хабарлады paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жағдай шымбайына қатты батқан болуы керек, блогердің өзі әлеуметтік желісінде басына түскен қиындықтарын айтып, көз жасына ерік берді.

Белгілі болғандай, Әлия Байтугаеваның Instagram-парақшасын желі администраторлары әлеуметтік желі ережелерін бұзғаны үшін бұғаттаған. Атап айтқанда, балалар контентін сториске салғаны үшін Instagram блогердің парақшасын зорлық-зомбылықты, қылмыстық іс-әрекетті насихаттау құралы деп санаған.

"Бұл өте әділетсіз. Instagram әртүрлі контентті, соның ішінде сексуалдық сипаттағы фото, видеоларды өшірмейді. Алайда сен түсірген балаларға қатысты видео, әзіл видеоларды салсаң, өшіреді, бұғаттайды. Бұл бірінші рет орын алып тұрған жағдай емес. Енді оны қашан ашатынын да білмеймін. Себебі соңғы рет аккаунтымды бұғаттағанда, ол ұзақ уақыттан соң ашылған", - дейді Әлия Байтугаева.

Арада бірнеше уақыт өткен соң блогер Instagram-дағы аккаунты қайта қалыпқа келмейтінін білген. Содан бастап блогер өзін нашар сезінген.

"Күні бойы үйде төсекте жаттым, тұра алмадым. Өзімді өте нашар сезініп жатырмын. Қатты стресстен үрей мен шабуылға тап болдым. Мұның не екенін осы уақытқа дейін білмеген екенмін. Мұндай кезде адам өзінің жүрегінің дүрсілін құлағында естиді. Тынысың тарылып, қазір өліп қалатындай сезім пайда болады. Тынысым тарылып, жедел жәрдем шақырттым. Сенесіздер ме, мені төсекке жатқыза алмай қойды. Тап қазір өліп кететіндей сезімді бастан өткердім. Жедел жәрдем қызметкерлері мені мәжбүрлеп жатқызды", - деді ол.