Байырбекова өзінің салонына дуаланған ине-жіп қалдырылғанын айтты

"Ешқандай дұшпанымыз жоқ сияқты еді. Мұндай жағдайда не істеуіміз керек?" - дейді әнші.

Байырбекова өзінің салонына дуаланған ине-жіп қалдырылғанын айтты
фото: дереккөз

Белгілі әнші Жазира Байырбекова Instagram-дағы парақшасына өзіне әлдекімдердің қастандық жасамақшы болғанын жазды, деп хабарлады paryz.kz.

"Жазира" салонына біреу қағазға оралған түйіншек қалдырып кетіпті. Түйіншекті ашып көрсе, ішінде жіпке оралған ине және майдалап қиылған жіптер жатыр. Үлкендерден сұрасақ, "дұшпандардың қастандық жасағысы келген әрекеті" дейді. Ешқандай дұшпанымыз жоқ сияқты еді. Мұндай жағдайда не істеуіміз керек? 3-4 күн бойы құран қойып қойсақ, келушілер ренжімейтін шығар. Ұқсас оқиғалар кімде болды?", - дейді әнші.

Желі оқырмандары да ол әрекеттің дуа, қарғыс екенін айтып, Байырбекованы одан сайын үрейлендіруде.