Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Елордалық 12 жасар қыз "Голос. Дети" шоуында ерекше көзге түсті (ВИДЕО)

Нәтижесінде Баста қазақстандықты өз командасына шақырды.

Елордалық 12 жасар қыз "Голос. Дети" шоуында ерекше көзге түсті (ВИДЕО)

Елордалық 12 жастағы Екатерина Табарина "Голос. Дети" шоуына қатысып, қазылар алқасының оң бағасын алды, деп хабарлады paryz.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық қыз "Проснись и пой" әнін орындаған. Өнер көрсетудің соңында оған Баста (Василий Вакуленко) бұрылған. Жас әнші көзіне жас алған.

"Сіз маған енді жыламаймын деп уәде бере аласыз ба? Жақсы ма? Менің де екі қызым бар. Олар жылай бастағанда, мен бірден жұмсарып, көңілді қарияға айналамын", - деді музыкант.

Нәтижесінде Баста қазақстандықты өз командасына шақырды.

"Біздің алдымызда өнер көрсеткенің үшін рахмет! Менің командама қош келдің. Бірге жұмыс істейміз", - деді ол.

Осылайша, Екатерина Табарина келесі турға өтті. Баста оның тәлімгері атанады.

Еске сала кетсек, осыған дейін қазақстандық Қарақат Башанова Junior Eurovision - 2020 ән байқауында екінші орын алған болатын. Бірінші орын Франция өкілі Валентинаға бұйырды. Дауыс беру нәтижелері бойынша ол 200 балл жинаған. Қарақатта -152 балл. Үздік үштікті испаниялық Солеа қорытындылаған (133 ұпай). Қарақат Башанова "Мәңгілік" әнін 7 жасында жоғалтқан әкесіне арнаған. Композицияның авторы - композитор Хамит Шанғалиев. Ол өткен жылы осы байқауға Қазақстанның атынан қатысқан Ержан Максимге де ән жазған болатын.