"Мысалы, бұрын менде жұмыс істеген Азамат Шаймерденұлы Роза Рымбаеваға директор болып кетсе, Сәкен Тоқтағұлов қазір продюсер, Саида дизайнер болып, Айгерім Қайнарбек өз бизнесін ашты..." - дейді ол.
Әнші Мәдина Сәдуақасова әншіліктен бөлек, бойында ерекше қасиеті бар екенін айтты. Өнер иесі өзінің жанында жұмыс істейтін адамдардың жолын ашатын болып шықты, деп хабарлады paryz.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Мәдина Сәдуақасова өзіне қатысты бұрын-соңды айтылмаған тың мәліметті Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, осыған дейін қасында көмекші болып жұмыс істеген жандардың барлығы жақсы қызметтерге шақырту алған.
Тағы оқи отырыңыз: "Епт, біз сонша топас болып кеткенбіз бе?!": Сәдуақасова қатаң сынға алынды
"Неге осы Мәдина Сәдуақасова көмекшілерін жиі ауыстырады?! Өйткені, маған келгендердің өздері де осал емес, оның үстіне менің де жолдарын ашып жіберетін қасиетім бар сияқты. Мысалы, бұрын менде жұмыс істеген Азамат Шаймерденұлы Роза Рымбаеваға директор болып кетсе, Сәкен Тоқтағұлов қазір продюсер, Саида дизайнер болып, Айгерім Қайнарбек өз бизнесін ашты. Ал осыдан 4 ай бұрын келген Айдана креативті директор болып басқа жұмысқа шақыртылды! Енді бүгін маған жұмысқа Іңкәр келді. Өзі режиссер, сценарист, адамдармен тез тіл табысып кететін қасиеті бар екен. Бізге сәттілік тілеп қойыңыздар! Шіркін, ұзағынан жұмыс жасасақ екен", - дейді әнші.