"Біреуіңіз қимассыздар, біреуіңіз даттарсыздар, ал біреуіңіз менің жаңа бағытымды қабыл алып, мені қолдарсыздар деген сенімім мол", - дейді ол.
Әнші Индира Расылхан әншілікті тастап, өнерден кетуді жоспарлап отырғанын айтты. Енді ол өзінің өмірлік бағытын түбегейлі өзгертіп, дінмен ұштасқан психологиямен айналыспақ, деп жазды paryz.kz.
"Өте маңызды, соңына дейін оқыңыздар. Осы күнге дейін менің әншілігімді, өнерімді бағалап келген әрбір жанға алғысым шексіз. 23 жыл бойы сіздердің назарларыңызға біршама әндерді ұсындым. Аллаға шүкір, жақсы қабылдадыңыздар. Ендігі кезде менің өмірім мен еңбек бағытым түгелімен өзгеріп жатқанын сіздерге жеткіземін. Біреуіңіз қимассыздар, біреуіңіз даттарсыздар, ал біреуіңіз менің жаңа бағытымды қабыл алып, мені қолдарсыздар деген сенімім мол. Халал тойлар мен адал жиындарға ғана баратын шығармын, ойланудамын. Ал дайын болыңыздар! Менің толық бағытым - психология. Барлықтарыңыз менің өмірім мен өнерім қызықтырса, ендігі жерде менің айтар сөзім мен ойым қызықтырар деген ойдамын. Менің жаңа бағытымды қабылдай алмаймын дегендеріңіз болса, мархаббат, менің парақшамнан отписка жасай салыңыздаршы, өтініш. Менің осы уақытқа дейінгі алған білімімді сіздерге сарп етуге ниеттімін. Кім не десе де мен қабылдаймын. Ұрыспай-ақ шығып кете беріңіздер одан да. Тәтті аузымыздың дәмін кетірмейік. Осында қалған жандарға мен тек шамам келгенше өмірді жақсы бағытқа өзгертуді, Асыл дініміз арқылы және де заманауи тұрғыдағы психология бағытымен ұштастыра отырып жұмыс жасағалы жатырмын. Мен үшін жаңа бағытта 100% ауысу алғашында оңай болмады, қобалжыдым, қорықтым. Ал енді, қорқа-қорқа батыр болдым" деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасына.