Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Дайын болыңдар...": Ерке Есмахан кімнің маскасын шешейін деп жүр?

Қалың көпшілік Еркенің бұл сөзімен кімді меңзегенін біле алмай дал болып, оған сұрақтарын қарша боратқан.

"Дайын болыңдар...": Ерке Есмахан кімнің маскасын шешейін деп жүр?
фото: ашық дереккөз

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде бөліскен жазбасымен барша оқырмандарын ойландырып қойды. Ол алдағы уақытта біраз адамның бетпердесі ашылатынын жазды, деп хабарлады paryz.kz

Ерке Есмахан екіойлы жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Әнші жанкүйерлеріне жақында шок алуға дайын болуды ескертіп отыр.

"Жақын арада біраз адамның маскасы шешілейін деп тұр. Шок алуға дайын жүріңіздер", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары әдеттегідей бұл жазбаны қызу талқылап, оған қатысты өз пікірлерін бөліскен. Қалың көпшілік Еркенің бұл сөзімен кімді меңзегенін біле алмай дал болып, оған сұрақтарын қарша боратқан.

"Қазіргі таңда бізді ештеңе таңғалдырмайтын болды", "Өзіңіздің маскаңыз ашылып қалмасын", "Бұл жазбаңызбен кімді меңзеп тұрсыз? Жазбаның астарында бір нәрсе бар", "Өмір болған соң, әр адамның уақыты келгенде шынайы түрі шығады" деп жазды желідегілер.

Сондай-ақ пікір білдірушілер арасынан әншінің түрін сынағандар да табылды. 

"Ерніңізді тым қатты үлкейтіп тастапсыз", "Жасанды түр, пластикалық ота, ерні ботокс, кірпік жабысқан, 5 тонна макияж, татуаж", "Бетіңнің сау жері қалмапты ғой, жасанды ғой", "Түрің ужас боп тұрсың, жасанды кукла сияқты, адамға ұқсамайсың. Ерке сіңілім, өзіңнің табиғи сұлулығың қайда?", "Былтыр Кореяға бекер барған жоқ. Бетін өзгерткен, жасартқан"  деп жазды көпшілік.