Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Қазақтың тең жартысы қайыршыға айналып жатқандай" - Жазира Байырбекова

"Қайырымдылықты кімге, қай кезде жасайтынын әр адам өзі шешеді. Мен инстадағы көмек сұраған хаттарды оқымаймын енді. Арнайы қайырымдылық қорларына жазыңыздар", - деп ренжіді ол.

"Қазақтың тең жартысы қайыршыға айналып жатқандай" - Жазира Байырбекова
фото: matritca.kz

Әнші Жазира Байырбекова Instagram-дағы парақшасына өзінен көмек сұрайтындар көбейіп кеткенін жазды. Айтуынша, оған күніне 40-50 хат келіп түседі екен. Тіпті, «көмек беруге міндеттісің» деп қарғап-сілейтіндер де жеткілікті көрінеді. Сол себепті, ол енді бұдан былай өзіне жазылған хаттарды мүлде оқымайтын болып шешкен, деп жазды paryz.kz.

"Осыдан бірнеше жыл бұрын жағдайын айтып, көмек сұраған адамдардың хатын оқып, жылап, ұйқым қашып ауырып қалатынмын. Қазір өзімді сақтау үшін мән бермеуге тырысып жүрмін. Хаттарды көреміз. Тоқталып оқымаймыз. Өйткені күнде 40-50 ден астам хат, қоңыраулар көбеюде. Біреуі ұрсып сұрайды, біреуі қарғап сұрайды, біреуі жалынып сұрайды, біреуі шын мұқтаж, біреуі алдап сұрайды, біреуі міндеттісің деп мәжбүрлегісі келіп, "тістелеп" сұрайды. Қазақтың тең жартысы "қайыршыға" айналып жатқандай көрінеді. Неге? Басқа елдерде де осылай ма екен? Әлеуметтік желіге кіре алмайтын, кіруге ақшасы да, уақыты да жоқ мұқтаж жандар қаншама?!. Қайырымдылықты кімге, қай кезде жасайтынын әр адам өзі шешеді. Мен инстадағы көмек сұраған хаттарды оқымаймын енді. Арнайы қайырымдылық қорларына жазыңыздар", - деді Жазира Байырбекова.