"Ұлыма үй шаруасымен айналысатын, бала туатын, анасына қарайласатын жар керек..." - дейді ол.
Желіде әншілер Индира Еділбаева мен Диас Аблаевтың жұп болып кездесіп жүргені жайлы қауесеттер тарап кетті. Оқырмандар жұлдыздарды көп жерде бірге байқай бастағандарын айтуда. Бұл ақпаратқа қатысты жұлдызды ене Нағима Есқалиева не ойлайтынын айтты, деп жазды NUR.KZ.
Нағима Есқалиева ұлы Диас Аблаевтың жеке өміріне қатысты пікір білдіріп, оның кіммен кездесіп жүргенінен бейхабар екенін алға тартты. Ол тіпті баласының Индира Еділбаевамен көңіл қосқаны жайлы қауесеттерді де естімеген болып шықты. Эстрада жұлдызы бұл ақпараттың қаншалықты рас екенін білмейді. Алайда, ол отбасына әртіс келін түскенін аса қаламайтынын ашық айтты. Себебі, оның ойынша, жанұяның жұлдыздарға толып кеткені дұрыс емес.
Нағима Есқалиева ұлының жары қандай болғанын қалайтынын жеткізді. Бұл туралы ол "Paparazzi" бағдарламасында айтып берді. Сұхбат үзіндісі Instagarm желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланды.
"Құдай қаласа, көре жатармыз. Ал негізі бір отбасында екі әртістің өзі көптік етеді. Оған тағы үшіншісі келіп қосылса, ол - тіптен қиын жағдай. Бір үйде үш әртістің болуы - күрделі мәселе. Индира екеуінің кездесіп жүргені жайлы бірінші рет естіп тұрмын. Бұл жаңалықтан бейхабармын, сол себепті рас-өтірігін айта алмаймын. Менің ойымша, ұлыма үй шаруасымен айналысатын, бала туатын, анасына қарайласатын жар керек. Сол себепті, әртістермен қалай болатынын білмеймін. Не болса да балам өзі шешетін болады. Бүгінде ұлымның шығармашылықтан қолы босамай жатыр. Ол бір қызық дүниелер әзірлеп жатыр" , - деді Нағима Есқалиева.