"Актриса мен әншілердің барлығы образ деп қоймады"...
Әнші Мәдина Сәдуақасованың кейінгі кезде жиілетіп кеткен әртүрлі жаңа стилдері көпшілікке онша ұнаңқырамай жүр, деп жазды paryz.kz.
Ол соңғы рет Instagram-дағы парақшасына қара түсті киім киіп, құлағына жылан тәріздес сырға және мойнына үлкен алтын алқа таққан 80-90 жылдардағы "диско" стиліндегі образын жариялады. Шаш үлгісі де сол талапқа сай өзгерген.
"Мұндай образ біртүрлі екен", "Саныңды жапсаңшы", "Жолдасыңыз бар ғой, ұят болады", "Актриса мен әншілердің барлығы образ деп қоймады", "Жас келді ғой, денені ашып не болды?", "Етегіңді жапсаң дұрыс болар еді" деп жазуда оны көрген оқырмандары.